Президент • 27 Қыркүйек, 2022

Президент Түркістандағы халықаралық әуежайға барды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына сапары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Түркістандағы халықаралық әуежайға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жұмыс сапары аясында облыс орталығындағы халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты.

«YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан Президентке халықаралық әуежайдың жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берді.