«Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, батыста – найзағай, шаңды дауыл, солтүстікте – тұман, көктайғақ күтіледі», делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы күндіз 20-22 градус жылы болады, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді.
Елордада жауын-шашынды ауа райы сақталады. Ауа температурасы 2-4 градус жылы болады, желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.