Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында жергілікті маңызы бар жолдарға назар аударып, бірқатар мәселені атап өткен болатын. Осы орайдағы мәселелердің шешімін табу мақсатында елордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты»АҚ «Жол құрылысындағы инновациялық технологиялар мен материалдар» атты көшпелі семинар өткізді.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Көшпелі семинар-тренингке жол құрылысын жобалау және қызмет көрсету салаларындағы мекемелер мен мамандар, ғалымдар, мердігер компания өкілдері мен кәсіпкерлер, «ҚазАвтоЖол» ҰК, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «ҚАЗжолҒЗИ» АҚ қызметкерлері, облыс әкімдігінің өкілдері қатысты. Жиында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин сөз алып, Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін жолдардың сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатындағы мәселелерді оңтайлы шешуге арналған жиынға отандық және шетелдік жол саласының білікті мамандары қатысып отырғанын айтты.
Жиын аясында ресейлік жол құрылысы саласындағы мамандар бетонды жылдың суық мезгілінде төсеуге арналған ерекше қоспаны таныстырды. Бұл материал еліміздің климатына ыңғайлы және жол құрылысы маусымын ұзартуға едәуір септеседі. Аталған қоспаны қолдану арқасында жол құрылысын жүргізетін компаниялар күн суытқан кезеңде де жол жабынын еш кедергісіз сапалы түрде төсеуге мүмкіндік алмақ.
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті Арман Алибаевтың айтуынша, басқосуда бірқатар келісімге қол жеткізіліп, жол-құрылысы жұмыстарының сапасын арттыру бағытында инновациялық жаңашылдықтарды қолдану аясы артты.
Семинар-тренинг жұмысы «жер қыртысының төменгі қабаты және негізі», «жол жабыны», «жолды күтіп ұстау және жөндеу», «жолдағы қағидалар мен жол қозғалысының қауіпсіздігі», «көпір құрылысы және оны жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын материалдар мен жаңа технологиялар» бағыттары бойынша жүргізілді. Әр бөлімде жол инфрақұрылымы мен нысанының қызмет көрсету мерзімін ұзартуға және оның өнімділік сипаттамаларын жақсартуға септесетін инновациялық материалдар мен құрылыс жұмыстарын жылдамдатуға ықпал ететін заманауи тәсілдер жан-жақты қарастырылды.
Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков өз өңіріндегі жол сапасының жағдайына тоқталып, жиыннан мол ақпар алғанын айтады.
«Бірінші мәселе – жолдың ылғалдануы. Осының салдарынан ауыр жүк көліктерінің салмағына шыдамай мерзімінен бұрын бұзылып жатады. Облыстың жергілікті жолдары мен елді мекен көшелеріндегі жолдарға бүгінге дейін 16 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Нормативтік сәйкестігі 95 пайызды құраса, оның ішінде жақсы жағдайдағы жол – 45%, ал 50%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Болашақта 97 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Президентіміз айтқандай, жолдың жағдайына көңіл бөліп, сапасын арттыру мақсатында осы семинарға келіп отырмыз», дейді ол.
«Жол құрылысындағы инновациялық технологиялар мен материалдар» семинар-тренингі жол-құрылысы ұйымдары мен іскер топ өкілдерінің өзара тығыз қарым-қатынас орнатуына елеулі ықпалын тигізді. Айта кетерлігі, жолдың төсеніштік қабатының беріктігін қамтамасыз ететін материалдар көпшілік тарапынан қызығушылық туғызды. Сонымен қатар жол битумының сапасын арттырып, оның Қазақстанның түрлі климаттық жағдайларына бейімдігін қамтамасыз ететін модификациялық асфальтбетон жабынына да мамандар ықыласы ауды.
Өнер • Бүгін, 08:35
Үкімет • Бүгін, 00:01
Ел болашағына арналған бағдарлама
Қоғам • Кеше
Зейнетақы қоры ірі жобаларды инвестициялайды
Экономика • Кеше
1 700 жолаушының өтелген шығыны
Экономика • Кеше
Ауылды намысшыл ағайын көтереді
Пікір • Кеше
Ауыл • Кеше
Көші-қонның жаңа тәртібі күшіне енді
Қазақстан • Кеше
Дохада қазақ шығыстанушысы марапатталды
Үміт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Күйзелгенге көмектесетін 3580 call-орталығы
Медицина • Кеше
Күйік шалғандар лайықты ем алды
Аймақтар • Кеше
Сәбиге жасалған күрделі операция
Медицина • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Кино • Кеше
Білім бағдарламасының озығы қайсы?
Білім • Кеше
Әлеуметтік кесел әл бермей тұр
Аймақтар • Кеше
Ең қысқа әңгіме • Кеше
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Елеусіновтің екпінін кім басты?
Бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Конгресс кітапханасында сақталған
Тарих • Кеше
Қоғам • Кеше
Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»
Өнер • Кеше
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Теннис • Кеше
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Кеше
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар