Әлем • 29 Қыркүйек, 2022

Беларусь елшісі Грузия Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь елшісі Грузия Сыртқы істер министрлігіне президент Лукашенконың Абхазияға сапарына байланысты шақырылды, деп хабарлады Egemen.kz.

Беларусь елшісі Грузия Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

«Грузин тарапы өз наразылығын қатаң түрде білдіріп, Беларусьтен қосымша түсініктеме талап етті», деп жазылған хабарламада.

Кейін Грузия президенті Саломе Зурабишвили Беларусь басшысының Абхазияға сапарын сынға алды. 

«Бұл Грузияның басып алынған аумақтар туралы заңын, екіжақты қарым-қатынастарымызды және халықаралық құқық қағидаттарын бұзу», деп жазды Зурабишвили Twitter-де.