Президент • 30 Қыркүйек, 2022

Тоқаев: Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі

«Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше, төл шежіремізде айрықша орны бар өлке. Бұл – қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені.

Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады. Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір», деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды.