Президент • 30 Қыркүйек, 2022

Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады - Президент

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуі барысында өңірдегі білім беру сапасына айрықша тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады - Президент

Кездесу барысында Президент «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы айтты.

«Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Қазір елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып жатыр. Абай облысындағы мектептерде 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Алдағы уақытта 11 мектеп және 14 балабақша салу жоспарланған. Бірақ, мұның өзі жеткіліксіз. Үкімет пен әкімдікке облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Одан әрі Мемлекет басшысы Қазақстанда ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында ұдайы жұмыс атқарылатынын айтып өтті.

«Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Бұл сөзіміз нақты іспен бекітіліп жатыр. Арнайы Оқу-ағарту министрлігі құрылды. Біз бұған дейін «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылдап, оның аясында мұғалімдердің жалақысын өсірдік. «Әліппені» қайтардық. Орта білімді дамытуға бағытталған бірқатар жағымды өзгеріс бар. Осындай игі шаралар арқылы біз қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз. Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.