Теннис • 01 Қазан, 2022

Қазақстандық теннисші Аргентинадағы турнирдің жартылай финалына шықты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 235-орын) Буэнос-Айрестегі (Аргентина) Челленджерде сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Аргентинадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ширек финалда Попко аргентиналық Роман Андрес Бурручаганы үш сетте – 7:5, 0:6, 6:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда қазақстандық тенисші Ренцо Оливо турнирінің жеңімпазы - Уго Карабелли Камиломен кездеседі.

Бұған дейін турнирде Дмитрий Попко аргентиналық Сантьяго Родригесті – 7:6, 0:6, 7:5 есебімен, бразилиялық Лейте Вилсонды – 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Буэнос-Айрестегі турнирдің жүлде қоры 53 120 долларды құрайды.