Спорт • 03 Қазан, 2022

АҚШ – әлем чемпионы

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Сидней қаласында өткен әйелдер арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты АҚШ құра­масының жеңісімен аяқталды. Олар финалда Қытай спортшыларын 83:61 (18:13, 25:20, 25:14, 15:14) есебімен тізе бүктірді.

АҚШ – әлем чемпионы

Финалдық матчта АҚШ құрамасы сапынан Эйжа Уилсон 19 ұпай жинап, ең үздік көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ қытайлық Ли Юэру да финалда дәл сондай нәтижемен (19 ұпай) өз командасының үздігі атанды.

АҚШ құрамасы баскетболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында осымен қатарынан 4-рет, ал жалпы 11 мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр. Қытай баскетболшылары өз тарихында екінші рет финалда жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. Қола жүлде үшін өткен бәсекеде жарыс қожайындары Аустралия Канаданы 95:65 есебімен жеңді.