Қазақстан • 03 Қазан, 2022

«Жасыл даму» ескі агротехникаға өтемақы төлейді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жасыл даму» отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификаттарын қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Жасыл даму» ескі агротехникаға өтемақы төлейді

Бұған дейін ӨКМ «Операторы» ЖШС-і берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізілмегендіктен сертификатты қолдану мүмкін болмаған еді.

Ескі көліктерін ақшалай өтемақыға тапсырған жеке және заңды тұлғалар тиісті төлемдерін алуы үшін «Е-Өтініш» біріңғай платформасы арқылы «Жасыл даму» АҚ атына өтініш жолдап, банктік деректемелерін көрсетуі қажет.

Мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын және олардың компоненттерін, сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін мүмкін болады.

Жеңілдік сертификатын пайдаланып жаңа көлік пен ауылшарушылық техникасын сатып алуға болатын автоөндірушілердің тізімі қазан айында қосымша жарияланады.