Қаржы • 03 Қазан, 2022

Күндізгі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475,51 теңгені құрап, 1,02 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Күндізгі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 8,20 теңгеге (-0,10) дейін төмендеді.

Юань және еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк Қытай юанінің бағамын 670,1 теңгеге, еуро бағамын – 467,03 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңгеден, еуро – 490-497 теңгеден, рубль - 7,3-7,7 теңгеден сатып алынады/сатылады.

Сонымен қатар 3 қазандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Brent мұнай фьючерстерінің құны 2,53%-ға өсіп, барреліне 87,29 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 2,62%-ға көтеріліп, барреліне 81,57 долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43