21 Мамыр, 2014

Сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыруға арналған оңалту орталығы ашылды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада «Қасиетті жол» қоғамдық қоры «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен «Дені сау бала – ұлт болашағы» жобасы аясында сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыруға арналған оңалту орталығының тұсауын кесті. Бүгінде Қазақстан бойынша сал ауруымен ауратын 10 мыңнан астам бала тіркелген. Әлеуметтік маңызы зор жобаны жүзеге асыруға «Нұр Отан» партиясы да қолғабыс тигізуде. Оңалту орталығын «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Айдар Махметов салтанатты түрде ашты. Орталық қонақтарына емдеуден өтіп жатқан балалар шағын концерт көрсетті. Орталық жұмысымен «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының президенті Гүлмира Ғалимова таныстырды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауы арқа­сында биыл «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры­ның Оңалту орталығы Астана және әр алуан аймақтар­дан келген, сал ауруына шалдыққан 250-ден астам сырқат баланы қабылдайды. Орталықта қызмет ету үшін осы салада үлкен тәжірибесі бар өңірдің үздік дәрігерлері мен ұстаздары тартылған. Мұнда бала­лар толық медициналық тексе­руден өтіп, оңалту бойын­ша тегін көмек алады. 2014 жылдың аяғына дейін әрқайсысы 21 күннен тұратын 10 оңалту курсын өткізу жоспарланған. «Қасиетті жол» қоғамдық қоры жұмысының негізгі бағыты – қайырымдылық. Қор өз алды­на жетім, сырқат балаларға, аз қам­сыздандырылған отбасы мүше­леріне, қарттарға қолұшын беру­ді міндет етіп қойған. Бұл ретте, меке­мелер мен көмекке зә­ру жандарға материалдық қол­дау көрсету, әрі меценаттық пен фи­лан­­тропияны дамыту бас­ты назарда. «Егемен-ақпарат».