Экология • 04 Қазан, 2022

Жастар – табиғат қамқоршысы

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

EcoStudentKZ челленджіне павлодарлық студенттер де үн қосты. Дүйсенбі күнгі эстафеталық іс-шараға 40-тан астам белсенді студент атсалысып, жастар облыс орталығындағы Усолка өзенінің жағалауын қоқыстан тазартуға жұмылды.

Жастар – табиғат қамқоршысы

Усолка өзенінің маңайы – шаһар тұрғындары мен қонақтар жиі серуен­дей­тін аумақ. Су ай­ды­нының айналасында тамаша табиғат қойнауы орналасқан, жа­­­ға­лауы толған тоғай. Өкі­нішке қа­­рай, табиғат аясына шық­қан­дар соңынан тамақ қалдықтары мен полиэтилен қапшықтарын, түрлі қоқыстар қалдырып кетеді. Сон­дық­тан өңір жастары бұл жерді үнемі тазартып тұруға ын­талы.

С.Торайғыров университетінің 4-курс студенті, оқу орнындағы жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Дәурен Шәріпов эко­ло­гиялық тазалық іс-ша­расына бір топ белсенді жасты бастап келді. Дәурен EcoStudentKZ чел­ленд­жін шымкенттік құр­бы-құр­­дастарынан қабылдап алған­дарын жеткізді.

– Біздің университеттің жас­тары әрдайым белсенді. Бүгін 20-дан астам жас Усолка өзені­­нің жағалауын тазарту үстін­де­­міз. Бұл жерде жаз бо­йы «Жа­сыл ел» жасақтарымен, өзге де белсенді жастардың көме­гі­­мен экологиялық шаралар тұ­рақ­­ты түрде ұйымдастырылып кел­ге­нін біле­міз. Алайда кейбір тұр­ғын­дардың мәдениетсіздік танытуынан жағалауды жиі та­зар­ту­ға мәжбүрміз. То­ғай арасындағы алаңқайларда, өзен жағасында қоқыстар үнемі шашылып жатады. Жастар қазір жинап кетсе, ертеңгі күні сұрықсыз көрініс тағы қайталанады. Сон­дық­тан біз бұл челленджіміз арқы­лы шаһар тұрғындарының назарын тазалық мәдениетіне аударғымыз келеді. Қоршаған ор­таны көзіміздің қарашығындай сақтау үшін бізге мұндай істерге жүйелі жұмылуымыз қажет, –дейді ол.

Бұған дейін С.Торайғыров уни­вер­ситетінің студенттері Ертіс өзенінің Орталық жаға­жа­йында экожорық жасап, жаз бойғы жиналып қалған қоқысты жинап, арнайы орындарға төккен еді.

Ал Павлодар педагогикалық универ­си­тетінен келген жастар көпшілікке «Өзіңнен кейін қоқыс тастама!» деп ұран тастады. Білім беру мекемесіндегі жастар өкілі Батырхан Байтанаттың пікіріне ден қойсақ, мұндай іс-шаралар нәтижесінде замандастар бойын­да экологиялық мәдениет қа­­лыптасады. Университет сту­дент­тері тазалық шараларынан қалыс қалмайтынын айтты. Өткен сенбіде облыс орталы­ғы­­ның солтүстік бөлігінде бой көте­ріп жатқан жаңа шағын аудан – «Спорт-ситиде» ағаш отыр­ғы­зу сенбілігіне қатысты. Оқу орнының экологиялық бағытта өз саясаты бар. Оның аясында жыл сайын жүздеген шара ұйым­дас­тырылады.

Павлодарлық белсенді жас­тар EcoStudentKZ челленджін Екібастұз қаласы мен Түркістан студенттеріне жолдады. Одан әрі экологиялық эстафета Тараз, Пет­ропавл, Алматы, Семей қала­ла­рында жалғасады деп күтілуде.

 

ПАВЛОДАР