Елорда • 04 Қазан, 2022

Астанада өткен «OTBASY DUATLON 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

259 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Триатлон саябағында өткен отбасылық дуатлонға елордалық 109 отбасы қатысты. Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

 

Астанада өткен «OTBASY DUATLON 2022» жарысына жүзден астам отбасы қатысты

Аталған сайыс балалар жылына орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Сайысқа Астана қаласының барлық ниет білдірген отбасылары қатысты.

Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізілді. Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрады.

«OTBASY DUATLON 2022» жарысы дәстүрге айналды. Биыл алтыншы рет өткізіп отырмыз. Жарысқа қатысуға ниет білдірген отбасылар едәуір артты. Келер жылы 5-6 жастағы балаларды қоспақшымыз. Жарысқа қатысуға өтінімдер алдын ала электронды түрде қабылданды, міндетті түрде шлем мен дәрі­гердің рұқсаты болуы керек. Жалпы, биылғы дуатлонда балалар үшін үш санат – 8-9, 10-11 және 12-13 жас белгіленді. Отбасылық сайыстың алғашқы бөлімінде жалпы ұзындығы 4,5 шақырым қашықтыққа – алдымен 2,1 қашықтыққа әкелер жүгірді, одан әрі эстафетаны велосипедке мінген аналар алды. Жарысты балалар мәреге дейін 200 метр жүгірумен аяқтады», дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.  

Барлық отбасыға қатысқаны үшін финишорлық медальдармен GALANZ bottlers компаниясы ұсынған Sevens суы табысталып, жеңімпаздар I, II, III орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, яғни әр жеңімпаз команда мүшелеріне теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат, велосипед секілді бағалы сыйлықтар табысталды. 

Жеңімпаздарды марапаттау және құттықтау салтанаты лотерея ұтысымен жалғасты. Жарысқа қатысушылар арасында тіркеу нөмірлері бойынша лотереяда 10 велосипед пен Қазақстан бойынша ең дәмді DODO мейрамханасынан арнайы сертификаттар ойнатылды.