Ауа райы • 04 Қазан, 2022

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше облысында жаңбыр жауып, үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) болады. Кей өңірлерде жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады», делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Жамбыл облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.