Қазақстан • 04 Қазан, 2022

Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келді - ІІМ

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ресеймен шекарадағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келді - ІІМ

Министрдің айтуынша, Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай бақылауға алынды.

«Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ішінара жұмылдыру туралы жариялаған күннен, яғни 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға Ресейдің 200 мыңнан астам азаматы келіп, 147 мың азаматы кеткен», деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір өткізу пункттерінде жағдай тұрақты. 3 қазанда Қазақстанға Ресейдің 7 мың азаматы келіп, 11 мыңға жуық адам кеткен.

27 қыркүйекте Қазақстан ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықов Ресей Федерациясының 441 азаматы Қазақстан азаматтығына өтініш бергенін, оның 117-сі Ресейден келген этникалық қазақтар екенін хабарлады.