Синоптиктердің болжамы бойынша оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады.
«Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының орталығында 2 градусқа дейін аяз болады.
Мамандардың айтуынша, Түркістан облысының солтүстік бөлігінің тұрғындары да суық ауа райын сезеді.