Аймақтар • 04 Қазан, 2022

Қостанайда екі шетел азаматын тонағандар ұсталды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында екі шетел азаматын тонаған қала тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда екі шетел азаматын тонағандар ұсталды

Шетелдік екі азамат арызбен полицияға жүгінген. Жастар қарақшылардың құрбаны болғанын айтты. Екі белгісіз біреу оларға шабуыл жасап, 80 мың теңгесін алып кеткен. Зардап шеккендердің айтуынша, олар қала орталығындағы сауда үйлерінің бірінде болған. Ер адамдар кешкі сағат 22:00 шамасында дүкеннен шығып кеткен. Оларға екі жігіт келіп қорқытып, ақша талап ете бастаған.

Полицейлер екі күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде қолға түсірді. Олар 21 және 18 жастағы Қостанай қаласының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.