Аймақтар • 04 Қазан, 2022

«Құм қызы»: Бас басылым тілшісінің поэзия кеші өтті

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Маңғыстау облысында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде поэзия кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құм қызы»: Бас басылым тілшісінің поэзия кеші өтті

Бүгін Маңғыстау облысында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде поэзия кеші өтті.

Кеш кейіпкері - «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушылары мен білім алушыларының қатысуымен қаламы қарымды журналист, ақын, «Egemen Qazaqstan» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі және осы Одақ сыйлығының лауреаты, «Ақпарат саласының үздігі» Гүлайым Шынтемірқызы Дәуітбаева. 

«Құм қызы» атты мазмұнды өткен кездесу кешінде студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығы төңірегінде бірқатар қызықты сауалдарға жауап алып, ән-жырмен ортаны толтырды.