Конференция барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Мұндай ауқымды талқылаудың мақсаты, бір жағынан, еуропалықтарды Қазақстандағы әлеуметтік реформалармен таныстыруға, екінші жағынан, еуропалық елдердің әлеуметтік саясатының тәжірибесін елімізде пайдалану мүмкіндігіне бағытталды.
Алқалы жиынды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Ю.Василенко ашып, конференцияға қатысушыларды 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауымен таныстырды.
Министрдің орынбасары өз сөзінде еліміздегі экономикалық және саяси реформалардың барысына назар аударып, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Ол соңғы конституциялық реформаның, соның ішінде кезектен тыс президент сайлауына байланысты жаңалықтар туралы баяндады. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік саясаттың еуропалық модельдерін қолданудың маңыздылығын да атап өтті.
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.М.Тәжин өз сөзінде соңғы жылдары Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттарын қалыптастырып келе жатқанын атап өтті.
Дәл осы әлеуметтік стандарттар, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы елдегі экономикалық және саяси реформалар тиімділігінің басты критерийіне айналып келеді. Қазақстанның стратегиялық қоғамдық тұрақтылығының негізі әлеуметтік әділеттілік қағидаттарымен тікелей байланысты. Сонымен қатар Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі Қазақстан үшін екі себеп бойынша пайдалы болуы мүмкін.
Біріншіден, әлеуметтік саясат реформалары тұжырымдамалық тұрғыдан бір-біріне өте жақын – бәріміз социализмнің кеңестік түріне сүйендік.
Екіншіден, Шығыс Еуропа елдері әлеуметтік мемлекет эволюциясының елеулі жолынан өтті, сондықтан Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі Қазақстан үшін кем дегенде екі өлшемде қызықты.
Біріншісі – еңбек қатынастарын реттеу, жұмыспен қамту саясаты және жұмыссыздыққа қарсы күрес, Денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы нақты өзгерістер, сондай-ақ кедейлік, экология және әлеуметтік инклюзия проблемалары.
Екіншісі – ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығындағы қазіргі Еуропадағы әлеуметтік мемлекет алдындағы жаңа сын-қатерлер, біртұтас еуропалық әлеуметтік үлгіні қалыптастырудың практикалық тәсілдері, Шығыс Еуропа қоғамдарының әлеуметтік құрылымындағы өзгеріс және әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасының қажеттілігі, жеке партиялардың әлеуметтік бағдарламалары айналасындағы саяси қақтығыстардың ұлттық контекстері, жаһандану мен ішкі әлеуметтік саясаттың қарама-қайшылықтары.
Орталық Азия және Кавказ институтының директоры, «Жібек жолы» зерттеу бағдарламасының жетекшісі, швед ғалымы Корнелл Сванте Қазақстандағы денсаулық сақтау, білім беру саласындағы әлеуметтік реформалардың табысы мемлекеттік басқару жүйесінің табысты дамуына, сондай-ақ қаржы институттарының сенімді жұмыс істеуіне байланысты екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда бірқатар маңызды мәселелер шешімін тапты, яғни жұмыссыздарды, мүгедектерді мемлекеттік қорғаудың сенімді жүйесі, сондай-ақ тұрақты зейнетақы жүйесі құрылды.
Конференцияда Польшаның Азиялық және жаһандық зерттеулер институтының профессоры М.Собаньск-Цвалина Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі ережелеріне тоқталды. Профессор ауылдық аумақтарды, инфрақұрылымды дамытудың, білім беру мен денсаулық сақтауға тең қол жетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сауда және халықаралық қатынастар институтының профессоры Ласло Ваша өз сөзінде Еуропалық Одақ елдерінде қабылданған көп функционалды ауыл шаруашылығын дамыту моделіне назар аударды, онда ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде экологиялық және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды сақтауда маңызды рөл атқарады. Ғалым мұндай модельдің Қазақстанда да бейімделуі мүмкін екендігіне тоқталды.
Венгрия Ғылым академиясы Экономика институтының профессоры Яноша Келле халықты жұмыспен қамту саясаты туралы айта келіп, ең төменгі жалақы құралын пайдалануда абай болуға шақырды, егер оны шамадан тыс пайдалану бағаның тұрақсыздығына және бюджеттің айтарлықтай шығынға әкелетініне әсер етуі мүмкін.
Прага экономика және бизнес университетінің профессорлары Ян Мертл денсаулық сақтауды қаржыландыру көзі ретінде арнайы салық немесе салық ставкасының бір бөлігін енгізуді ұсынды. Денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұйымдастыру кезінде жұмыс істеуге тиіс ресурстар құрылымының авторлық моделі ұсынылды.
Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының басқарма мүшесі, профессоры Кшиштоф Залевски өзін-өзі басқаруды реформалаудағы Польшаның тәжірибесі туралы айтып берді. Ол аймақтық және жергілікті деңгейде қаржылық жоспарлауды бұзуы мүмкін жедел салық реформаларын жүргізуден сақтандырды.
Словакия экономикалық университетінің профессоры Петр Драбик экономикалық тәжірибені білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту процесіне тарту принципін іске асыруды ұсынды. Мұны практиктерді оқытудың инновациялық нысандары (жобалық оқыту, тәлімгерлік, коучинг және т.б.) арқылы білім беру процесіне тарту арқылы жүзеге асыруға болады.
Қаржы және басқару университетінің профессоры Лея Мелникова білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін цифрлық платформаны дамытудың өзекті мәселелерін көтерді. Сондай-ақ адамның конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және оның мемлекеттік басқаруға толық қатысуы мақсатында ақпарат алуға тең қол жеткізуге цифрландыруды арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Венгрия Ғылым академиясы Экономика институтының профессоры Андраш Шимонович халықтың қартаюы мемлекетке зейнетақы ауыртпалығын арттыруды көздейтінін және бұл жерде әлеуметтік жарналар мөлшерлемесінің мөлшерін және зейнеткерлік жас деңгейін айқындау бойынша уақтылы саяси шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.
Прага Метрополитен университетінің профессоры Мартина Варкочкова Чех білім беру жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығындағы бірқатар маңызды мәселені атап өтті, ол сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар студенттерге бағытталған және олар үшін жақсы жабдықталған мамандандырылған мектептер, мектепке дейінгі және орта оқу орындарына арналған мекемелер ұсынады.
Экономикалық және аймақтық зерттеулер орталығы Экономика институтының профессоры Юлия Варга ханым мұғалім мамандығының тартымдылығы бірнеше факторға байланысты екенін атап өтті: мансаптық өсудің балама мүмкіндіктері; еңбек жағдайлары; мемлекеттік білім беру аясында зияткерлік жұмыспен айналысу мүмкіндігі. Ол мұғалімнің лайықты жалақысы оқушылардың жақсы үлгерімімен байланысты болуы керек екендігін айтты. Сондай-ақ білім беру саласын қаржыландыру көлемі мен оқушылардың білім нәтижелеріне тікелей сәйкес келмеу заңдылығын атап өтті.
Қаржы және басқару университетінің профессоры Радим Валенчик соңғы жылдары Чехия толық емес жұмыс күні жұмыс істей алатын көптеген білікті мамандардан айырылғанын және зейнеткерлік жастағылардың басым көпшілігі жұмыстан немесе бизнестен кететінін атап өтті. «Біз бұл жолмен жүрмеуді ұсынамыз, әрине, бұл ретте елдегі зейнетақы жасын көтермеу керек, бұл проблемаларды шешпейді. Адамдарға, егер олар физикалық және ақыл-ой жағынан дайын болса, олар тіпті зейнет жасында да жұмыс істеуді жалғастыруға тиіс екенін және мемлекет бұл істе тек пайдасын тигізеді деп есептеп, ынталандыру жолымен жүруді ұсынамын» – деп ұсынды баяндамашы.
Конференцияда сөз сөйлеген Польша президентінің кеңесшісі Марек Рымша баяндағанындай, әлеуметтік қызметтер бүкіл халыққа қолжетімді болуы керек, оларды пайдалану әлеуметтік тоқырауға әкелмеуге тиіс. Қызметтерге қолжетімділік – қазіргі заманғы мемлекеттің қажетті шарты. Өңірлерге, шалғай елді мекендерге сапалы әлеуметтік қызмет көрсету де маңызды міндет. Польшаның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жергілікті әкімшілік тарапынан мемлекеттік емес құрылымдарға, әсіресе коммерциялық емес ұйымдарға әлеуметтік қызметтер көрсету мүмкіндігін пайдаланған жөн. Сонымен қатар қызмет көрсетушілердің көптігі ұсынылатын қызметтерді әртараптандыруға және нақты қажеттіліктерге жауап беретін қызметтер пакетін құру мүмкіндіктерін кеңейтуге әкеледі.
Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік реформаларға және еуропалық тәжірибені пайдалану мүмкіндіктеріне арналған алғашқы конференция диалог алаңдарының өте өзекті екенін және еуропалық сарапшылар тобы үшін Қазақстандағы әлеуметтік реформалар туралы түсінік беретінін көрсетті. Прага бастамасы Еуропалық Одақтың барлық аймақтарында жалғасады.