26 Мамыр, 2010

ӘУЕЛЕЙ ҰШҚАН АРУ ӘН

452 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Табиғат берген дара дарын ие­ле­ріне деген халық құрметі қашан да қалтқы­сыз. Осындай тұлғалар легінде әнші-сазгер Дәнеш Рақы­шевтың есімі де ерек­ше аталады. Әуезді әнімен туған елін тербеген жанның туған күні қарсаңында әнші атындағы №3 білім шаңы­ра­ғын­да бір ай бойы оның өнерін дәріптеуге ар­нал­ған “Әуелеп ұшқан ару ән” атты саз­ды бағдарлама қо­ры­тындыланды. “Са­ғындық, ата, дау­сыңды” бейнефильмін тамаша­ла­ған қауым Д.Рақышевтың орын­дауындағы ән сазымен тербелді. Бір қызығарлығы, оқушы­лар­дың та­лант иесіне арналған “Бір үзік сыр” атты танымдық конфе­рен­циясында оның кі­сі­лік кел­бе­ті­не, дарыны мен шығарма­шы­­лы­ғына байланысты жұмыстарды тың­­дарман қауым жоға­ры баға­лады. Енді бір сәтте шәкірттер дарын иесіне арна­ған жырларын оқыса, драма үйірмесінің мү­шелері әншінің өмірінен көрініс қойды. Мерекелік шарада әнші-саз­гер­дің зайы­бы Рахила апай, қызы Дәнегүл Дә­нешке деген халқының қамқорлы­ғы­на ризашылық білдіріп, әндерін на­си­хат­тау­дағы алдағы мақсаттарын ортаға салды. Күмісжан БАЙЖАН. ФИЛАРМОНИЯ ҰЖЫМЫНЫҢ ЖАҢА ЖЕҢІСІ Жетісу жері – дарынға бай. Сондықтан да болар, облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның М.Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестрі Ақтөбе қаласында өткен “Жұбанов көктемі” халықаралық халық аспаптар оркестрі мен ансамбльдер фестиваліне қатысып, бірінші орынды иеленіп қайтты. Халықаралық өнер сайысына Мәскеу, Орынбор, Самара, Ташкент пен Астана, тағы басқа да алты облыстың өнер ұжымдары қатысып, ел мен жерді жалғаған рухани кеңістіктің бүгінгі табысын, халықтар арасындағы ұлы достықты паш етіп, еліміздің маңдайындағы жарық жұлдыздардың бірі, сырлы сазгер, музыка өнерінің майталманы Ахмет Жұбановтың бай мұрасын насихаттау мен ұрпаққа ұлағат ретінде ұсынуды мұрат етсе, мақсат орындалғаны. Жетісулықтардың бай бағдарлама­сы көрермен көңілінен шығып, филармония ұжымы жаңа жеңісімен жігерленді. Алматы облысы. ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ АЛУАН ЭТНОС ТІЛДЕРІНДЕ Тағдыр талайымен қазақ жерінен пана тапқан этнос өкілдері Қазақстанды өз Отаны санайды. Жақында Шымкенттегі Опера және балет театрында этнос өкіл­дері арасында “Күміс көмей” деген атпен  халық әндерін орындаудан облыстық байқау өтті. Байқау шарты бойын­ша алдымен қазақ тілінде, со­сын өз тілінде, халық әндерін орындағандар арасында мақ­та­ралдық Макхамбай Құр­банов бас жүлдеге ие болды. Шымкенттік Шахиста Осма­нова бірінші, арыстық Сан­сызбай Хасанов пен төле­билік Милана Кинзябулатова екінші орынды жеңіп алса, шымкенттік Неля Данилен­ко, Махмед Алиев пен түр­кістандық Шариф Исмаилов үшінші орынды еншіледі. Бақтияр ТАЙЖАН, ШЫМКЕНТ.