Президент • 05 Қазан, 2022

Қарағанды ұлттық жоба аясында көркейеді

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды – еліміздегі урбанизация деңгейі ең жоғары облыс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ұлттық жоба аясында көркейеді

Жиын барысында ел Президенті Қарағанды өңіріндегі урбанизация мәселесіне назар аударды.

«Қарағанды – еліміздегі урбанизация деңгейі ең жоғары облыс. Өңір халқының 80 пайызы қалада тұрады. Мұндағы өндірістің едәуір бөлігі 5 моноқаланың еншісінде. Облыс тұрғындарының 40 пайызы осында қоныстанған. Қала халқының тіршілігі ондағы ірі кәсіпорындарға тәуелді екені жасырын емес. Шағын қалалардан халық көшіп жатыр. Бұл – өзекті мәселе», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жергілікті билік Үкіметпен бірлесіп, облыстың әлеуетін көтеру мәселесі қолға алынуы тиіс.

«Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Әкімдік Үкіметпен бірлесіп, осы жоба аясында басқа да шағын қалаларда іргелі бастамаларды қолға алуы керек. Экономиканы әртараптандыру ісінде Балқаш өзгелерге үлгі бола алады. Мұнда ірі өнеркәсіп орындарымен қатар туризм саласын өркендетуге зор мүмкіндік бар», деп түйіндеді Президент.