Президент • 05 Қазан, 2022

Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға артты

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Қазақстан жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңіне қадам басқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға артты

«Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға өсіп, 3,9 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да салалар қарқынды дамып келе жатыр. Мұның бәрі жергілікті жұрттың тұрмысы жақсарып, әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді. Еліміз қазір жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңіне қадам басты. Біз алға қойып отырған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға Павлодар облысы зор үлес қосады деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент өз сөзінде энергетикалық қауіпсіздік мәселесі тек біздің еліміз үшін ғана емес, барша әлем үшін маңызды болып отырғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда энергетикалық қауіпсіздік бүкіл әлем үшін өте өзекті мәселе болып табылады. Мемлекеттердің үдемелі дамуы, тұрақты индустриялық өсу электр энергиясының жеткілікті көлемі болған жағдайда ғана мүмкін болады. Сондықтан Павлодар Қазақстанның экономикалық прогресінде ерекше мәнге ие», деп қосты Мемлекет басшысы.