Президент • 05 Қазан, 2022

Өнеркәсіптің дамуы экологияға үлкен салмақ түсіреді - Президент

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысындағы жиын барысында өңірдегі экономикалық проблемаларға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнеркәсіптің дамуы экологияға үлкен салмақ түсіреді - Президент

«Өнеркәсіптің дамуы сөзсіз экологияға үлкен салмақ түсіреді. Павлодар облысына елдегі шығарындылардың үштен бірі келеді - бұл шығындылар жыл сайын 700 мың тоннаны құрайды. Бүкіл елдің индустриалды өсуінің негізі болып саналатын аймақ тұрғындары туған өлкенің қоршаған ортасының жай-күйіне қатты алаңдайды», деді Президент.

Бұл ретте Мемлекет басшысы еліміз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниетін білдіргенін еске салды.

«Экологиялық жағдай - азаматтардың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды. Еске салсақ, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниетін білдірген», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ өңірді газдандыру мәселесіне де тоқталып, Үкіметке тиісті тапсырма жүктеді.

«Тағы бір маңызды мәселе – газдандыру. Үкімет өңірді газбен қамтамасыз ету жолдарын басым тәртіппен әзірлеуі қажет. Бұл жасыл күн тәртібін толыққанды іске асыру және нақты орнықты даму жолындағы маңызды қадам болады», деді Мемлекет басшысы.