Президент • 05 Қазан, 2022

Президент коммуналдық тариф саясаты жөнінде пікір білдірді

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коммуналдық тарифтерді ұстап тұру қажеттілігі мен инфрақұрылымға инвестициялау қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті табу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртышылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент коммуналдық тариф саясаты жөнінде пікір білдірді

«Коммуналдық желілердің жай-күйі - бұл жылдар бойы жетіліп келген дұрыс емес тарифтік саясаттың салдарын көрген жүйелік проблема. Жалпы, тарифтерді ұстап тұру қажеттілігі мен инфрақұрылымға инвестициялау қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті табу керек. Бұл негізгі қағида», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтуі керегін айтты.

«Инвестициялық төлемдер тек осы мақсаттарға жұмсалғаны жөн және меншік иелері үшін негізсіз пайда көзіне айналмауы керек. Жолдауда мен монополиялық нарықтардағы «инвестиция орнына тариф» жаңа тарифтік саясатына көшуді тапсырдым. Мен Үкіметтен осы бағытта нақты нәтижелер күтемін. Алдағы жылыту маусымының штаттық режимде өтуі басты мәселе – бұл барлық өңірлер әкімдерінің тікелей жауапкершілігі», деп түйіндеді Президент.