Президент • 05 Қазан, 2022

Ғылыми қызметкерлердің беделін арттыру керек - Тоқаев

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар өңірінде 10 мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылыми қызметкерлердің беделін арттыру керек - Тоқаев

«Біз барлық баланың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты мен Жолдауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды ұсындым. Бұл бастаманың аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Құрылысты сапалы салып, уақытылы тапсыру – басты міндет. Жұмыс барысын жергілікті атқарушы органдар қатаң бақылауда ұстауға тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуде.

Президент бүгінде қазақстандық ғылыми қызметкерлердің қоғамдағы абырой-беделін арттыру қажет екенін тілге тиек етті. 

«Жастар ертең білімді, алғыр, оқуда озат болсын десек, біз бүгін көптеп сапалы, жайлы мектеп салуымыз керек. Бұл – мемлекет ретінде біздің ортақ міндетіміз. Сондай-ақ ғылыми қызметкерлердің қоғамдағы абырой-беделін арттыруымыз қажет. Ғалымдарымызға әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін жыл сайын 500 грант беріле бастады. Сонымен бірге, «Жас ғалым» жобасының аясында 1000 грант бөлінетін болды. Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы біртіндеп көбейіп келеді. Ғылыми институттар мен іргелі зерттеулерді қаржыландыру жүйесін жетілдіріп жатырмыз. Осыған орай, заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді», деп қосты Мемлекет басшысы.