Президент • 05 Қазан, 2022

Президент ұлттық мәдениетті шетелде жаңғыртып жүрген павлодарлықтарды атады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілету мен жаңғыртуға Павлодар облысынан келген «мәдени толқынның» жаңа Қазақстандағы өкілдері орасан зор үлес қосуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ұлттық мәдениетті шетелде жаңғыртып жүрген павлодарлықтарды атады

«Еліміздің күші адамдарда, олардың қайратында, білімінде және патриоттығында. Сондықтан да адамгершілік мемлекеттік саясатымыздың негізгі өлшеміне айналды. Қарапайым халықтың мүддесіне, елдің әлемдік ауқымда тартымды жаңа келбетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуіміз керек», деді Президент.

Оның айтуынша, ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілету мен жаңғыртуға Павлодар облысынан келген «мәдени толқынның» жаңа Қазақстандағы өкілдері орасан зор үлес қосуда.

«Классикалық өнердің білгірлері Еуропаның үздік опера сахналарында арияларды орындайтын Мария Мудряктың дауысынан ләззат алады. Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің танымал музыкасы бүкіл әлем жастары арасында ыстық ықылас табады. Олар өз ұрпағының дарынды өкілдері бола отырып, шетелдердегі мәдениетіміздің табысты елшілеріне айналды», деп атап өтті Мемлекет басшысы.