Президент • 05 Қазан, 2022

Қазақстан саяси институттарды жаңғыртатын кезеңге қадам басты - Тоқаев

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда сайлау науқаны қарқын алып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан саяси институттарды жаңғыртатын кезеңге қадам басты - Тоқаев

«Президент сайлауы жарияланғаннан кейін дайындыққа жеткілікті уақыт өтті. Бүгінде сайлау науқаны қарқын алғанын көріп отырмыз. Үміткерлер ұсынылып, партиялар мен қоғамдық қозғалыстар белсенділік танытып жатыр. Ішкі саяси өмірдің жанданғаны көрініп тұр», деді ел Президенті Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуде.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде Қазақстан негізгі саяси институттарды жаңғыртатын жаңа электоралды кезеңге қадам басқанын айтты.

«Біз барлық негізгі саяси институттарды жаңғыртатын жаңа электоралды кезеңге қадам бастық. Өздеріңізге мәлім, мен еліміздегі ең ірі AMANAT партиясының Төрағасы қызметінен бас тарттым. Конституциялық реформа нәтижесінде Президентке өз өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болуға тыйым салынды», деп қосты Мемлекет басшысы.