Әлем • 06 Қазан, 2022

Гватемалада жол апатынан 17 адам қаза тапты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қазанда Гватемаланың оңтүстік-шығысында Конакасет ауылында жолаушылар көлігі жартастан құлады. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапты, оның үшеуі - бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гватемалада жол апатынан 17 адам қаза тапты

Periodico басылымының хабарлауынша, апаттан зардап шеккен 13 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиғадан зардап шеккендер көлік жолдан тікелей жартасқа ұшып кеткенін айтты.

Пикап жүргізушісі табылды. Құқық қорғау органдары тиісті сараптама тағайындады.