Қоғам • 06 Қазан, 2022

Еңбек инспекторлары 16 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 696 кәсіпорнында 17,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 982,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек инспекторлары 16 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 639 нұсқама беріліп, 115,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,9 мың жұмыскерлердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 741,6 млн теңге төленді.