Қоғам • 06 Қазан, 2022

Әлі де ауқымды жұмыс атқаруымыз керек – Президент

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы өзін қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлі де ауқымды жұмыс атқаруымыз керек – Президент

«Билік пен қоғамның диалогын нығайту үшін ата дәстүрімен Ұлттық құрылтай шақырылды. Оның жұмысына түрлі сала өкілдері белсене қатысты. Әлемді жайлаған коронавирус індетіне бірге қарсы тұрдық. «Қасіретті қаңтар» кезіндегі зор сынақты тұтас ел болып еңсердік. Биыл Конституцияға өте маңызды өзгерістер енгіздік», деді Президент.

Сол арқылы еліміз үшін жарқын келешекке жол ашылғанын айтты.

«Яғни, қысқа уақытта орасан зор жұмысты бірге атқардық деп сеніммен айтуға болады. Бірақ, әлі де ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, бағындыратын белестеріміз – алда. Қандай қиын болса да, бәріміз бірге оны міндетті түрде абыроймен атқарамыз. Ортақ мақсатқа жетеміз!», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.