Теннис • 07 Қазан, 2022

Astana Open турнирінің ширек финалына шыққан ойыншылар анықталды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыққан барлық ойыншылар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Astana Open турнирінің ширек финалына шыққан ойыншылар анықталды

7 қазанда бірінші болып елорда уақытымен сағат 12:00-де кортқа ресейлік, әлемнің 9-ракеткасы Андрей Рублев пен франциялық Адриан Маннарино (51 АТР) шығады.

Қарсыластар осыған дейін екі рет кездескен. Есеп – 1:1.

Әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас поляк Хуберт Хуркачпен (10 АТР) ойнайды. Мұнда өзара сегіз матчтың алтауында Циципас басым түскен.

Ширек финалдың кешкі сессиясы сағат 18:00-де басталады. Орталық кортта әлемнің 7-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович пен ресейлік Карен Хачанов (18 АТР) өнер көрсетеді. Жеті бәсекенің біреуінде ғана, 2018 жылы Париж мастерс жарысының финалында Хачанов Джоковичті жеңген.

Ойын күнін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен испаниялық Роберто Баутиста-Агут (21 АТР) қорытындылайды. Ресейлік үшін Роберто – қолайсыз қарсылас. Бес кездесудің біреуінде ғана Даниил испаниялықты сүріндірген.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35