Қоғам • 07 Қазан, 2022

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын Коалицияның құжаттарын қабылдады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттары ҚР ОСК-на жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын Коалицияның құжаттарын қабылдады

Бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54 және 55-баптарына сәйкес, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттар жіберілді. Олар:

1. «АМАNАТ» партиясының, Қазақстан халықтық партиясының, Қазақстан Демократиялық партиясының республикалық қоғамдық бірлестіктерінің жоғары органдары отырыстарының хаттамаларынан үзінді көшірмелер;

2. Қ.Тоқаевтің өмірбаяндық деректерін қоса отырып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде қатысуға келісім;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының төленгенiн куәландыратын құжат;

4. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білім туралы дипломның көшірмелері.