Саясат • 10 Қазан, 2022

Нұрлан Әуесбаевтың құжаттары талапқа сай - ОСК

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ЖСДП партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың құжаттары заңнамада көрсетілген талаптарға сай келетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Әуесбаевтың құжаттары талапқа сай - ОСК

Енді Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелді.

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келеді деп белгіленсін», делінген ҚР ОСК баспасөз қызметінің хабарламасында.

ОСК оған қолдау көрсету үшін қолтаңба парақтарын беру туралы қаулы шығарды.

Еске сала кетсек, 7 қазанда Нұрлан Әуесбаев өз құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырған еді.