Турнирге Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілдері де белсенді қатысқан.
«Жарыста әскери спортшылар 4 медаль жеңіп алды. Өз салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ефрейтор Арнұр Қуатай, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы спорт ротасының жауынгерлері Әсет Анарбаев пен Есентай Имаханов жеңімпаз атанса, Жасұлан Нариманов екінші орынды иеленді», деп жазылған ведомствоның ақпаратында.
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы өкілдерінің жетістіктері Қазақстан құрамасының турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңіске жетуіне елеулі үлес болды.