АСТАНА. 21 мамыр. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғыны Жасұлан Омаров деген азамат Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайына 1905-1916 жылдары шығарылған заемдар мен рубльдерді тапсырды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Жасұлан Омаров 2006 жылы өз ауласына жеміс ағаштары мен түрлі дақылдар екпекші болады. Содан ол арық қазуға кіріседі. Бір кезде ол қазылған жерден бір қаңылтыр қорапша тауып алады. Оны ашып көрсе, ішінен целлофанға оралған көп ақша шығады.
Бұған соншалықты мән бере қоймаған ол әлгі қорапшаға жәдігер теңгелерді қайта салып, үйіне апарып қоя салады. Осылайша арада бірнеше жылдар өтеді. Кенет Ж.Омаровтың есіне осыдан 8 жыл бұрын тауып алған қорапша түседі де, оны мұражайға табыстайды.
Осыған байланысты Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайының директоры Құттықыз Ыханова: «Бұл өткеннен қалған бір естелік, көп кездесе қоймайтын жәдігер. Алдағы уақытта мұражайымызда ақшалар жайлы үлкен көрме ұйымдастырылмақ және мектептерде көшпелі көрмелер өткізілмек. Аталған шараларда аудан тұрғындары аталарымыздың көзі көріп, қолмен ұстаған ақшаларын тамашалай алады», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: zakon.kz.
Фото: zakon.kz.
• 21 Мамыр, 2014
Қызылорда облысында жер астынан жәдігер теңгелер табылды

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше