21 Мамыр, 2014

Хоккей. Әлем чемпионаты. Топтық ойындар аяқталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-05-14-hokkey-1

АСТАНА. 21 мамыр. Кеше түнде Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық ойындары аяқталып, ширек финалға шыққан құрамалар анықталды. Бұл туралы Чемпионат.Ру хабарлады. Алдымен бұрнағы күні түнде ойналған екі ойынның нәтижелеріне келейік. Олардағы 7-тур матчында Швеция Италияны 5:1 етіп ойсырата ұтса, 6-тур ойынында Беларусь пен Латвия арасындағы приципті матчта алаң иелерінің айбындары асты – 3:1. Ал кеше соңғы, жетінші турдың ойындары ойналды. Олар мынадай нәтижелер әкелді: Норвегия – Канада 2:3, Германия – АҚШ 4:5, Дания – Словакия 3:4, Латвия – Швейцария 2:3, Чехия – Франция 5:4ОТ, Ресей – Беларусь 2:1. Ертең 1/4 финалдық плей-офф ойындары өтеді. Онда АҚШ – Чехия, Ресей – Франция, Канада – Финляндия, Швеция – Беларусь доптыаяқ түйістіреді. 24 мамыр күні жартылай финалдық ойындарға кезек келсе, 25 мамырда 3-орын үшін және финалдық кездесулер болады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Чемпионат.Ру.   Турнир кестесі (21 мамыр) А тобы
Ор Командалар О Ұ ҰО ҰБ ЖБ ЖО Ж Шайба Ұп
1 Канада 7 5 1 0 1 0 0 28-13 18
2 Швеция 7 5 0 1 0 1 0 21-10 18
3 Чехия 7 2 2 0 2 0 1 20-18 12
4 Франция 7 2 0 2 0 1 2 25-20 11
5 Словакия 7 3 0 0 0 1 3 20-21 10
6 Норвегия 7 2 0 0 1 0 4 16-19 7
7 Дания 7 1 0 1 0 0 5 17-27 5
8 Италия 7 1 0 0 0 0 6 6-25 3
  В тобы
Ор Командалар О Ұ ҰО ҰБ ЖБ ЖО Ж Шайба Ұп
1 Ресей 7 7 0 0 0 0 0 31-7 21
2 АҚШ 7 4 1 0 0 0 2 27-23 14
3 Беларусь 7 4 0 0 0 0 3 18-17 12
4 Финляндия 7 3 0 1 0 0 3 18-15 11
5 Швейцария 7 3 0 0 1 0 3 19-21 10
6 Латвия 7 3 0 0 0 0 4 20-24 9
7 Германия 7 1 0 1 0 0 5 13-23 5
8 Қазақстан 7 0 0 0 1 1 5 16-32 2
  Ескерту: О – ойындар, Ұ – ұтыс, ҰО – овертаймда ұту, ҰБ – буллитте ұту, ЖБ – буллитте жеңіліс, ЖО – овертаймда жеңіліс, Ж – жеңіліс.