«Ірі кәсіпорындарға өндірістік жоспарларын іске асыруы үшін қолдау көрсетуді күшейту керек. Мәселені жан-жақты талдап, олардың айналым қаражаты, инфрақұрылым, логистика және өнімді сату бойынша проблемалық сұрақтарын шешуді қамтамасыз ету қажет.
Шикізаттық емес секторларда, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік, логистика IT, туризм және басқа салаларда инвестициялық жобалардың санын арттыру керек. Шетелдік және отандық инвесторларды тарту жұмысын күшейту қажет», деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ Үкімет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтау керек екенін атап өтті.
Ә. Смайылов тапсырмасы бойынша, бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражатты жыл соңына дейін толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз етілуі тиіс.