Қаржы • 11 Қазан, 2022

Бюджетке 11 трлн теңгеден астам қаражат түсті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 11 трлн 177 млрд теңге кіріс түскенін, жоспар 104,8%-ға орындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бюджетке 11 трлн теңгеден астам қаражат түсті

«Республикалық бюджетке 7,5 трлн теңге түсті немесе жоспар 101,9% орындалды. Табыс жоспары 143 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар - 55 млрд теңгеге, салықтық емес - 89 млрд теңгеге асыра орындалды», деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрлігі басшысының мәліметінше, салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы ҚҚС бойынша келеді.

ҚҚС бойынша жоспарды асыра орындау факторлары:

  • Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы жылдың 9 айында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды 24%-ға ұлғайту;
  • ҚҚС түсімдерін 44%-ға ұлғайту;
  • Үшінші елдерден импорт көлемін 26%-ға ұлғайту.