Қоғам • 11 Қазан, 2022

Қазақстанның Украинадағы елшілері эвакуацияланады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Украинадағы елшілері жақын күндері эвакуацияланады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Украинадағы елшілері эвакуацияланады

Бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшілігі ақпараттық хабарламада Қазақстан азаматтарын елден кетуге шақырған болатын.

Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір Сыртқы істер министрлігі Украинада қанша Қазақстан азаматы бар екені туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

«Соңғы оқиғаларға байланысты бұл көрсеткіш әртүрлі. Өздеріңіз көріп отырғандай, кеше Украинадағы елшілігімізден оларға осындай жағдайда қандай да бір көмек көрсету туралы хабарлама жарияланды. Бірінші эвакуация кезінде көбі кетіп қалды, кейбірі қалып қойды, сондықтан нақты санды айта алмаймын», деп жауап берді Айбек Смадияров Үкімет отырысынан кейін журналистер қойған сауалға.

Ол шекаралардың ашық екенін, бірақ Украинадан эвакуацияның бірінші толқынынан кейін көпшілігі үйлеріне оралғанын нақтылады.

«Қазір елшілік те жұмыс істеп жатыр. Енді мәселе елшілікті жабуда емес, біздің елшілік қызметкерлерін эвакуациялауда. Бұл мәселе алдағы күндері шешімін табады. Эвакуация толығымен аяқталуы әбден мүмкін», деді Айбек Смадияров.