Аймақтар • 11 Қазан, 2022

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында 37 жастағы ер адам гашиш есірткісінің ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

«Қарасора 2022» профилактикалық іс-шарасы барысында Қостанай ауданы, Тобыл кентіндегі есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 37 жастағы азаматты ұстады. Жеке тінту кезінде оның күртешесінің төс қалтасынан жалпы салмағы 17,5 грамм болатын жасыл ұнтақты заты бар үш пластикалық байламдар тәркіледі. Тұрғылықты жерін тінту кезінде гараждан салмағы 189,2 грамм болатын есірткіге ұқсас зат табылды», деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметінен.

Сараптама қорытындысына сәйкес, зат гашиш болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 176 келі 870 грамм түрлі есірткі, оның ішінде 555 граммнан астам героин, 18 келі 486 грамм гашиш, 851 граммнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.