Қоғам • 12 Қазан, 2022

«Ақжайық – ару мекенім»

703 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Донеділ Қажымовтың халықаралық «Ақжайық – ару мекенім» ән байқауы өтті.

«Ақжайық – ару мекенім»

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ұйымдастырған бұл байқау осымен үшінші мәрте өтіп отыр. Байқауға Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарынан, Астана, Шымкент, Атырау қалаларынан, Батыс Қазақстан облысы аудандары мен жергілікті Орал қаласынан келген 21 өнерпаз қатысып, бақ сынады.

Танымал сазгер, Ақжайық өңі­рінің гимніне айналған әйгілі әннің авторы Донеділ Қажымовтың шығар­машылығын насихаттайтын жас ән­шілер байқауына Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Шәмшіұлы Қалдаяқов, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, профессор, композитор, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбді­нұров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері Айгүл Қосанова, Ақтөбе саз колледжі­нің директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайрат­кері Аманжол Исмағұловтар арнайы келіп, қазылық етті. Алқа құ­ра­мында сондай-ақ Дәулеткерей атын­дағы қазақ халық аспаптары оркес­трінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері,  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Еркін Нұрымбетов, мәдениет саласының үздігі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Жас­келең Ғайсағалиевтер де болды. Донеділ Қа­жымовтың өзі төрағалық ет­кен қа­зылар алқасы астаналық Армат Аман­дықовты бас жүлдеге лайық деп таныды. Бай­қаудың бірінші орын жүл­десі ба­тыс­қа­зақстандық Тарас Жа­уынбаевқа бұйырды.

Ақтөбелік Нұртас Омаров пен маң­ғыс­таулық Серіжан Масжанов жүл­делі екінші орынға ие болса, Маң­ғыстау облысынан келген тағы бір өрен Ерхат Жақашев, оралдық Мұ­рат Ахметов және атыраулық Бақ­­то­ты Кәкімова үшінші орынды өз­ара бөлісті. Ал Түркістан облы­сы­­нан келген үміткер Өсербай Бөрі­ханов пен қарағандылық Динара Дүй­сембаева, қостанайлық Әжібай Тас­­қын дипломант атанды. Батыс Қазақ­стан облысы Жәнібек ауда­нынан қатыс­қан квартет мүшелері Райымбек Кәрімов, Асы­лан Боранбаев, Әсем Ғай­нулина және Шынар Қайыпова «Кө­рермен көз­айымы» сыйлығымен мара­патталды. Бай­қауға қатысқан өзге қа­тысушыларға да Алғысхат пен естелік сыйлық табыс­талды.

Байқаудың соңы «Донеділ достарын шақырады» атты концертке ұласты.

 

Батыс Қазақстан облысы