Президент • 13 Қазан, 2022

Президент ҚХР Төрағасының орынбасарымен пікір алмасты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ҚХР Төрағасының орынбасарымен пікір алмасты

ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қытайдың АӨСШК саммитіне осындай жоғары деңгейде қатысуы біздің орасан зор континентте бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы өзара сенімге негізделген серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді. Кездесуде Төраға Си Цзиньпиннің өткен айда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Өз кезегінде Ван Цишань Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді және Қытай мен Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, өнеркәсіп кооперациясы мен цифрландыру бағытындағы екіжақты қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Ван Цишань екі ел арасындағы қарым-қатынас мәңгілік достық пен өзара сенім рухында дамып келе жатқанын айтты. Қытай делегациясы басшысының айтуынша, Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар сәтті жүзеге асып келеді. Сонымен қатар олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025