Қазақстан • 13 Қазан, 2022

Елордада Astana Media Week-2022 апталығы өтеді

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

26-28 қазан аралығында Астанада күздің басты медиа оқиғасы - Astana Media Week-2022 өтеді. Осымен алтыншы жыл қатарынан өтетін дәстүрлі оқиға аясында отандық БАҚ өкілдері «Қазмедиа Орталығы» телерадиокешеніне тәжірибе алмасу үшін жиналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Astana Media Week-2022 апталығы өтеді

Жылдың басты тақырыбы - «Жаңа дәуір - жаңа медиа» жобаның үш құндылығында жанасады. Олар: жаңа шындыққа деген сенім, жаңа уақыттағы кәсібилік және БАҚ-тың тұрақты дамуы. Бүгінде мұның бәрі әлеуметтік келісім мен коммуникациялық серпілістердің негізі екені белгілі. 

Биылғы медиа апта өзекті мәселелерді көтеретін және маңызды оқиғаларды біріктіретін бірегей және әртүрлі іс-шараларға толы болмақ. Бағдарлама аясында Бас редакторлар клубының форумы, өңірлік БАҚ форумы, дөңгелек үстелдер, панелдік пікірталастар, баспасөз хатшылары мен журналистерге арналған шеберлік сағаттар, продакшн-компанияларға арналған питчингтер, контент-маркер және тағы басқа іс-шаралар жоспарланған.

Айта кетсек, аптаның жеке медиа тақырыбы ретінде «Meta» талқыланады. Метаның дамуы БАҚ-қа қалай әсер етеді? Қазіргі медиа үшін оның қандай артықшылықтары бар? Бұл сұрақтарға еліміздің танымал саяси қайраткерлері және арнайы қонақ ретінде шақырылған Мeta әрі TikTok топтарының басты қатысушылары негізгі пленарлық отырыста жауап береді.

Форум аясында медиа аптаның серіктестерінен арнайы сессиялар өтеді. Сонымен, Орталық Азия жарнама қауымдастығы елдегі жарнаманың танымал болуымен не болып жатқанын, нарықтың деңгейі мен нақты көрсеткіштері қандай екенін айтады. Ұлттық Медиа қауымдастығы жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының әсерінен қазіргі қоғамның қалай дамып жатқаны туралы өз білімдері мен тәжірибесімен бөліседі.

Сондай-ақ Astana Media Week баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін «ҮРКЕР» сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімімен аяқталады.