АСТАНА. 22 мамыр. Тарихшыларымыз ата-бабаларымыздың ежелден дипломатиялық қарым-қатынасты жоғары деңгейде дамытқанын дәлелдейтін тың деректер тапты. Аталған құжаттар Үндістан, Иран мұрағаттарында сақталып келген. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
Қазақ хандығы тарихына байланысты тынбай еңбек етіп жүрген ғалым, Алматыдағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекованың айтуынша, қазақ хандары мен шығыс билеушілерінің арасында парсы тілінде хат алмасулар болған. Оны Үндістан мен Иран мұрағаттарынан табылған сирек қолжазбалар растайды. Нақтысын айтқанда, Тәуке хан, Қасымхан хан, Жалаңтөс Бахадүр жайлы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, айтылмаған дерек-құжаттардың көшірмелері қазақ жерінде дипломатиялық байланыстардың жоғары деңгейде дамығанын дәлелдейді.
Ғалия Қамбарбекова: «Монша аттың ішінен Тавакул хан дегенді кездестіріп қалдым. Тарихтың түб тамырына үңілу үшін жан-жақты зерттей бастадым. Нәтижесінде Тавакул хан қазақ дегенді білдіретініне көзім жетті», – деді. .
Сонау Үндістан, Иран мұрағаттарынан өзімізге қатысты тарихи тың құжаттардың табылуы тарихшыларымызды бір серпілтіп тастады. Олар бұл істі үлкен зерттеу жұмыстарының алғашқы қадамы деп отыр.
Осыған байланысты тарих ғылымдарының кандитаты Айтжан НҰРМАНОВА: «Бұл хаттар халық және тарих үшін маңызды. Өйткені, біз үшін парсы тілді қолжазбалар өте құнды. Себебі, біздің тарихта ашылмай жатқан ақтаңдақтар өте көп», – деді.
Енді мамандар әлі толығымен зерттеліп бітпей жатқан көне жазуларды арнайы маманның көмегіне жүгіне отырып аударуды көздеп отыр.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «Алматы» телеарнасы.
Фото: «Алматы» телеарнасы.
• 22 Мамыр, 2014
Елімізде қатысты құлақ естіп, көз көрмеген көне құжаттар табылды

Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Қазақстан шетел азаматтарына виза алу тәртібін жеңілдетті
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше