Қоғам • 14 Қазан, 2022

Қазақстандық студенттер Ресейдегі екі ЖОО-да білім ала алады

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен және Ресеймен университетаралық ынтымақтастықты күшейтті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен және Ресеймен университетаралық ынтымақтастықты күшейтті.

«Ресей Федерациясымен университетаралық ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейін атап өткім келеді. Қазақстандық студенттер Ресейдің екі жетекші жоғары оқу орындарында (МИФИ және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті) білім ала алады. Бәсекелестік орта біздің елдердегі жоғары білім сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін», деді Қазақстан Президенті Орталық Азия-Ресей саммиті барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы әріптестікті одан әрі тереңдету мақсатында Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының тұрақты форумдарын өткізу бастамасын құптайтынын айтты.

«Мен Орталық Азияның басқа мемлекеттерін осы форматқа қосу мүмкіндігін қарастыруды пайдалы деп санаймын», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.