Қазақстан • 15 Қазан, 2022

Астанада қызғалдақ гүлінің ескерткіші орнатылады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев пен Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Андрэ Карстенс Астананың Ботаникалық саябағында экологиялық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада қызғалдақ гүлінің ескерткіші орнатылады

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойына орай екі елдің елшілері Ботаникалық баққа 15 түп қарағай екті. Акцияға тек қана дипломаттар емес, бизнесмендер, сонымен қатар, Нидерландтың Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің арнайы өкілі Фредерик Воссенаар мен «Kazakh Invest» АҚ өкілдері қатысты.

«Біз бұл мерейтойды ерекше атап өткіміз келді, сондықтан, ағаш егіп, экологиялық акция өткіздік. Нидерланд елімен арадағы достықты жоғары бағалаймыз және жылдар өткен сайын бұл достық одан сайын нығайып, жемісті бола түседі деген үміттеміз», деп атап өтті А. Жұмағалиев.

Өз кезегінде, Қазақстандағы Нидерланд Елшісі Андрэ Карстенс «екі ел арасындағы жылы қарым-қатынас ұзаққа созыла береді» деген үмітін жеткізді.

«Біз достығымыздың құрметіне орай ағаш ектік. 2 қараша күні дәл осы саябақта қызғалдақ гүлінің ескерткіші ашылады. Бұл біздің еліміздің сыйлығы және екі ел арасындағы мәңгі достықтың символы болмақ», деді ол.