Спорт • 17 Қазан, 2022

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айзада Муптильда ауыр атлетикадан Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Спортшы 87 келіден жоғары санатта алтын медаль жеңіп алды. Қоссайыс сомасында Айзада 277 (120+157) килограмм көтерді.

«Екінші орынды индонезиялық Нурул Акмал (114+153 кг) иеленді. Үздік үштікті қазақстандық Любовь Ковальчук (115+151) түйіндеді», деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.