Қазақстан • 17 Қазан, 2022

Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді

Ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайтын II санаттағы жүріс бөлігінің учаскелерінде оларды нормативтік жағдайға келтіргеннен кейін ақылы жүруді енгізу жоспарлануда.

Бүгінде ИИДМ мәліметтері бойынша, ақылы жолдардың ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайды. Жыл басынан бері олардан түскен түсім 4 млрд теңгені құраған. Жолға төленетін тариф - жеңіл көліктер 1 км үшін 1 теңге болса, жүк көліктеріне 25 теңге.

Ақылы төлем енгізілген 11 учаске, олар: Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорогос, Қапшағай-Талдықорған, Тараз-Қайнар, Шымкент-Тараз, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Қызылорда, Щучинск-Көкшетау, Нұр-Сұлтан-Павлодар.