Синоптиктер мәліметінше, 18 қазанда солтүстікте, оңтүстікте, түнде Абай ауданының орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде тұман күтіледі.
18-19 қазанда күндіз оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады.
18 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының тау асуларында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады деген болжам бар.