Қазақстан • 17 Қазан, 2022

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды

20 жастағы Астана қаласының тұрғынына 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Акт бойынша «Шарм-Эль-Шейх – Астана» бағытындағы әуе рейсінен түсіріліп, көлік полицейлеріне берілді. Жас қыз ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 153 150 тг көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді.

Дәл осындай жағдай Орал қаласында да орын алған. Тағы бір жолаушы қыз дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін «Орал – Алматы» бағытындағы әуе рейсінен түсірілген. 

Ақпарат бойынша осы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 379 азаматты түсірген, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін – 106, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 204 азамат жауапқа тартылған.